«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

0
2195

Елбасының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыста 2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.  Жылдағы игі дәстүрге айналған бұл республикалық акциясы биыл да өз жалғасын тапты.

Осы орайда 22-ші қыркүйек күні ауданымыздағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Оның мақсаты – мемлекет басшысының тапсырмасымен 2009 жылдан бастап болып келе жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясы арқылы жетім балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға және аз қамтылған отбасыларының балаларына көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорыны ұйымдастыруымен өткен бұл шараға Қарасай ауданының Білім беру корпоративтік қорының атқарушы директоры Еркін Дәулетұлы да қатысып, бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж отбасылардың 350 баласына мектеп сөмкесі мен оқу құрал-жабдықтарын табыстап, білім алуда сәттілік тіледі.

Шара соныңда ата-аналар «Әрбір істеген игі амалдарыңыз сауапқа толы болғай!» — деп өз ризашылықтарын білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь