Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру

Ауданымызда медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

2017 жылдың бірінші шілдесінен бастап елімізде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң күшіне енген еді. Бұл ретте елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша оңтайлы жұмыс мақсатында барлық өңірлерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Бүгін Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінде медициналық сақтандыру бойынша осындай шара өткізілді. Оған ауылдық округтің әкімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, салық комитеті, орталық аурухананың қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиын барысында орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Марат Ақылбеков оның дамыған өзге елдердің тәжірибесі бойынша ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын, сонымен бірге, мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігін қамтамасыз ететінін атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейірбекерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетінін де әңгіме арқауына айналдырды.

[su_custom_gallery source=»media: 9076,9077,9078,9079″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Мұнан бөлек жиында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың әр баласына берілетін жәрдемақыны – 20 789 теңге жайлы да сұрақтар қойылды. Осы мәселеге қатысты жұмыспен қамту орталығының бас маманы Абылай Зуайда көп балалы отбасындағы әр перзентке оның қалай тағайындалатынын түсіндірді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін атаулы көмек бір адамға шаққанда табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан, бүгінгі күні  күнкөріс деңгейінің төменгі шегі 29698 теңге десек, 14 849 теңгеден аспайтын отбасыларға төленіп келді. Аталмыш көмек алатын отбасының әр мүшесі орташа алғанда 4834 теңге берілетін. Енді аталған көрсеткіш 70 пайызға – 20 789 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Демек, отбасының жалпы табысын әрбір адамға бөлгенде ақшаның сомасы күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, яғни,  20 789 теңгеге жетпесе, отбасындағы  әр балаға 20789  мың теңгенің жәрдемақысы беріледі. Ал, ата-анасына күн көрініс табысының деңгейіне жетпеген сомма төленеді.

Соныңан тұрғындар келген мамандардан өздерін аландатып жүрген сұрақтарына жауап алып, басқа қалалардағы сияқты көп балалы аналарға арналған ашық терезелер ашу жайлы ұсыныстар айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях