Медициналық мекемелер электронды форматқа ауысты

Медициналық мекемелер электронды форматқа ауысты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аудан орталықтарына дейін барлық ауруханалардың жұмысын электронды форматқа ауыстырды. Ендігі мақсат – ондай қызметтерді ауыл емханаларына жеткізу, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің мәлімдеуінше, 2018 жылы медициналық орталықтарды компьютермен жабдықтау, интернет желісі мен арнайы ақпараттық жүйелерді орнату бойынша көптеген жұмыстар жасалынған. Соның нәтижесінде орталық аудандарға дейін барлық ауруханалар электронды жүйеге көшірілуде.

Сондай-ақ, министр Олжас Әбішев баспасөз мәслихатында былай деді: «Бұл дегеніміз, аталған мекемемелер қағазбастылықтан құтылды деген сөз. Соның арқасында біз 250  миллион теңгені үнемдеп отырмыз. Бұрын ол ақшаға қағаз, флюропленка және тағы басқа заттар сатып алынатын. Биыл біз осы саладағы жұмысты жалғастыратын боламыз. Себебі аудан деңгейінен төмен медициналық мекемелерде интернет әлі жоқ. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып, 2021 жылға дейін ауыл емxаналарын да толығымен электронды форматқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз».

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша мәліметіне сүйенсек, ауруханалардың жұмыс жүйесін электронды форматқа ауыстыру нәтижесінде халықтың медицина мекемелеріне баруы екі есеге азайған. Сонымен қатар, кезекте тұру уақыты да 2 есеге төмендеген (30 минуттан 15 минутқа). Осылайша, дәрігерлер мен ем алушылардың өз уақыттарын, ал, министрлік жылына 3200 тонна қағаздың қаржысын үнемдеуге болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях