Төл тариxының тамырынан нәр алып, ой түйіп, нәтиже шығара алған ұлттың ғана болашаққа бағдары айқын. Тариxи саясаты мығым елдің идеологиясы да қуатты hәм нәтижелі болады. Жуырда, осы бағытты басты назарға алған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бүгін осы мақаланы талқылау мақсатында «ҚР Ардагерлер ұйымы» төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев ауданымызға арнайы келіп, алқалы басқосулар өткізді. Алдымен, ол аудан орталығында орналасқан Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжіндегі студенттерімен кездесті. Аудан әкімі Айжан Назарбаева төрағалық еткен жиын барысында біз тілге тиек еткен мақаланың кейбір бағыттары жайлы айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік құжат болып есептелетін «Ұлы даланың жеті қырын» кеңінен талқылау үшін Өмірзақ Озғанбайұлы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында жалғастырды. Кеңейтілген отырысқа жетекшілік еткен Айжан Нұрділдәқызы, мектеп басшылары, қоғамдық ұйым мүшелері және тағы басқа аудан белсенділері де қатысты.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать