Ұлан ауылындағы Наурыз

Ұлан ауылындағы Наурыз

Наурыз мейрамы Ұлан ауылында айтулы деңгейде аталып өтті, деп хабарайды Karasayinfo.kz желілік баслымының тілшісі.

Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен береке мейрамы. Тіршілік атаулыға жылылық әкелетін молшылық мейрамын бүгін ұландықтар да кең ауқымда атап өтті.

Ізгі іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауыл ақсақалы Сағынтай Сәрсенбаев жұртшылықты Наурызбен құттықтап, бұл мерекенің ежелден келе жатқан еліміздің рухани байлығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол елімізге даму мен гүлдену, баршаға ырыс пен бақ-береке тілеп, ақ батасын берді. Жиналған халық наурыз көже, қымыз, палау және басқа да қазақтың және басқа ұлттардың  ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Мерекелік шараға арналған концерттік бағдарламадаҰлан орта мектебінің әншілері әнімен, бишілері би өнерімен тойдың сәнін келтірді. Спорттық ойындардан балалардың, ересектердің арасында арқан тарту, қол күрес, ерлер мен балалар арасында қазақ күрес, ерлер арасында «қой көтеру» сияқты ойындардан сайыстар өткізілді. Әр сайыстың жеңімпаздар демеушілердің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, мереке барысында барлық шараға белсене қатысқан ауыл тұрғындарына арнайы ақ дастарқан жайылды.

Соңынан жерлестері ауданның Құрметті азаматы Серікхан Сәметұлы мен бірқатар ауыл азаматтарына бүгінгі мерекені ұйымдастыруға жақсы атсалысқандары үшін алғыстарын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях