Жылжымалы медициналық пойыздар  220 шалғай мекенді аралайды

Жылжымалы медициналық пойыздар  220 шалғай мекенді аралайды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан»  медициналық пойыздары шалғайдағы 220 елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Асқар  Мамин атап өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысының мәліметінше, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 49 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Аталған кешендерде  хирург, акушер-гинеколог, офтальмолог, стоматолог сынды бейінді мамандар тұрғындарға кеңес беріп, медициналық процедуралар көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес 2018 жылы жылжымалы медициналық кешен қызметімен 1763 ауылдық елді мекен қамтылып, 826 102 адам, жалпы, ауыл халқының 11 пайызы тексерілді. Бұл ретте профилактикалық тексеру барысында 88 609 науқас анықталып, оның 29 440-ы емделген.

Соның нәтижесінде, ағымдағы жылы 2 медициналық пойызды «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздар  шығару жоспарланып отыр. Асқар Маминнің  берген мәліметінше, медициналық пойыздардың шамамен 220 елді мекенге (темір жол стансаларына) қызмет көрсету қажеттілігі бар.

2019 жылы кемінде 865 мың адамды қамту алға қойылып отыр. Сондай-ақ, алдағы үш жылда өңірлердің өтінімдері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі 18 жылжымалы медициналық  кешен  Атырау, Ақтөбе,  Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар қалаларына сатып алуды жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях