Мемлекеттік қызметшілер жүгіруден сайысқа түсті

Мемлекеттік қызметшілер жүгіруден сайысқа түсті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толып отыр. Аталмыш кәсіби мерекеге орай еліміз бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Ал, бүгін біздің ауданда осы салада адал қызмет етіп, жұмыстарын бір сәт ұмытқан мемлекеттік қызметшілер таза ауда тынығып, бір күндерін саламатты өмір салтына, яғни, спортқа арнады.

Нақтырақ айтқанда, бүгін 200-ге жуық адам қатысқан шара жүгіру сайысы бойынша өтті. Бұл мерекелік басқосуда аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Серік Қамзанов, Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары Рафаэль Мұқанов пен жасөспірімдер және балалар спорт мектебінің директоры Валерий Хациев барлығына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен жарыс қыздар арасында бір жарым шақырымға жүгіруден бастау алды. Олардың арасында барлығынан озат болып, мәреге бірінші Айгерім Жумағалиева келді. Екінші орынға Ақнұр Қалыбаева табан тіресе, үшінші орынды Лаура Заттіллә қанжығасына байлады. Ал, ұлдар болса екі жарым шақырым қашықтықта бақ сынасып, олардың ішінде Анатолий Колесников жеңіске жетті. Алғашқылардың қатарында Олжас Әблен екінші орын алса, үшінші орын Алтынбек Қалмағамбетовке бұйырды. Барлық жеңімпаздарға мерекелік Алғыс хат пен медальдар табысталып, мерейлерін үстем қылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях