Жол ережесін бұзатындардың көліктері тәркілінеді

Жол ережесін бұзатындардың көліктері тәркілінеді

Қазақстанда мас күйінде көлік айдаған жүргізушілер үшін жаза күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Біздің азаматтарда мүлдем жүргізушілік куәлігі жоқ болса да заңсыз машина айдауларына қатысты көптеген фактілер тіркелген. Жүргізушілер белгілі бір көлік жүргізу құқығынан айырылғаннан кейін де көлік жүргізуді жалғастыра береді. Осыны ескере отырып, біз бұл баптарға қатысты санкцияларды қатаңдату мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, – деді Қожаев.

Оның айтуынша, Қазақстан Ресей мен Беларусьтің осы мәселелердегі тәжірибесін қарастырады. Мысалы, Беларусь мемлекетінің заңнамасында жүргізуші белгілі бір құқық бұзушылықтардан кейін, оның  көлік автокөлігін тәркілеу қарастырылған. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаны қатаңдатуды бұйырған болатын. Еске салсақ, Қазақстанда қандағы 0,5 спирттің анықталуы – жұмсақ интоксикация деп саналады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаның төрт түрі қарастырылған:

Жүргізуші куәлігінен айыру талаптары:

– егер көлік жүргізушісі мас болып, бірақ, жол көлік оқиғасына қатысы болмаса– үш жыл;
– ал, мас жүргізушінің әрекеті жол көлік оқиғасына қатысы бар болса – төрт жыл;
– ал, егер мұндай жағдайға адамдар мен өзге көлікке зиян келтірген болса –  бес жыл.

Жүргізуші куәлігінен және бас бостандығынан айыру талаптары:

– екінші рет мас күйінде ұсталған жүргізушілер 15 күндік қамауға және алты жыл жүргізуші куәлігінен айрылады;
– ал, үшінші рет ұсталса, 30 күндік қамауға және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айрылады.

Обсуждение: 1 комментарий
  1. дина
    Жауап беру

    ой жақсы болды ғой, жол көлік апаттары азырақ болар еді!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях