Сенат отырысын өткізу тәртібі өзгерді

Сенат отырысын өткізу тәртібі өзгерді

Сенат отырысын жүргізу тәртібі өзгерді. Енді, Сенат отырысында қаралатын мәселелер бойынша баяндамашылар депутаттармен онлайн байланысады. Сұрақтарға да бейнеконференция арқылы жауап беретін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздікті сақтау үшін Сенат отырысын жүргізу тәртібіне өзгеріс енгіздік. Палата отырысында қаралатын заң жобалары бойынша баяндамалар, сұрақтар мен жауаптар бейнеконференция байланысы арқылы жасалады, – деді Сенат төрағасы Дариға Назарбаева.

Еске салайық, елімізде коронавирус індетінің жаппай таралмауы үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях