Алматы облысының орталығында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды  

Алматы облысының орталығында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды   

Облыс орталығының Алматы қаласынан Талдықорған қаласына ауысқанына 20 жыл толуына орай (Қала күнінде) Талдықорғанда Сovid-19 індетімен күресте жанқиярлық ерлік көрсетіп, ерен еңбегімен таныла білген медицина қызметкерлеріне «Аялы алақан» ескерткіші ашылды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Ол облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағындағы скверде орнатылған. Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік  иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері. Оның биіктігі 1,2 метр, ұзындығы 3,8 метр, ені 2,8 метр  қоладан жасалған. Жоба авторы – Алматы облысының әкімі  Амандық Баталов.

Аллеяның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі аталған ескерткіш адам өмірінің арашасы болған жандарға деген шексіз ризашылықтың белгісі ретінде мәңгіге өзінің маңыздылығын жоғалтпайтынын айтып өтті.   Сонымен қатар, Жетісу өлкесінде пандемия кезінде атқарылған жұмыстардың бірқатарына шолу жасады. Атап айтқанда, облыстың денсаулық сақтау жүйесі бірнеше айдан бері дамылсыз жұмыс істеген. Пандемиямен күреске 31 медициналық ұйым жұмылдырса, оның ішінде төртеуі Талдықорған қаласында орналасқан. Амбулаториялық және стационарлық деңгейде үш жарым мыңға жуық (3455) медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер және 2604 кіші және орта буын дәрігерлері тартылды. Індетпен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 13,8 млрд. теңге бөлінді. Медициналық жабдықтандыру  79-дан 90 пайызға дейін өсті. Ал, пандемия басталғаннан бері коронавирус пен пневмониядан 51 мыңнан астам адам жазылып шықты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях