Жергілікті кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жергілікті кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен бүгін пандемияның екінші толқынының алдын алу үшін жеке кәсіпкерлерге қойылатын шектеу талаптарын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аталған мекеменің басшысы Жанәділ Орынбайдың төралығымен өткен жиынға аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ілияс Қалиев, аудандық прокуратура қызметкері, аға прокурор Данияр Мұхияев, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Абдикерімова және аудан аумағында орналасқан сауда нысандарының басшылары қатысты.

Басқосуда пандемия кезінде жапа шеккен кәсіпкерлердің мәселелері талқыланып, карантин жағдайындағы кәсіпкерлік нысандарының қауіпсіздік шаралары, жұмыс алгоритмі туралы кеңінен түсіндірілді.

Нақтырақ айтқанда, жиын барысында Айнұр Зейнепқызы жиналған кәсіпкерлерге облыстық бас дәрігердің №29 және де аудандық басқарманың №57 қаулысына сәйкес, барлық сауда мекемелерінде санитарлық талапқа сай термометрия мен кіріп-шығуға арналған жеке есіктер міндетті түрде болу керектігін айтып өтті. Ал, Данияр Мұхияев ауданымызда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын арнайы мобилді топ жұмыс жасап жатқандығын және әлде бір жағдайлар болып жатса, кәсіпкерлер осы топтың көмегіне жүгінуіне болатындығы жайлы мәлімдеді. Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында әрбір мекемеде эпидемияға қарсы шаралардың орындалуына жауап беретін қызметкер қойылуы қажеттілігі мен сауда орындарын жалға алып отырған адамдарға міндетті түрде Info.kazakstan.kz сайтына кіріп, сол жерден жұмыс істеуге рұқсат алуы керектігі туралы да айтылды.

Мұнан бөлек жиында төрағылық еткен Жанәділ Басарұлы алдағы уақытта ауданымыздағы 12 мобилді тобынан бөлек республикалық пен облыстық мобилді топтар тексеріс жұмыстарын жүргізетіндігін хабарлады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях