Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл егемендігімізді айқындайтын Тәуелсіздігімізге 27 жыл толып отыр. Азаттық үшін жан кешкен желтоқсан көтерілісінде қаншама намысты жастар азап шекті. Ал, осы  Тәуелсіздік үшін күрескен сол кездегі қаһармандарымыздың бірқатары қазір ортамызда жүр.

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев осы  желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Салтанатты жиында аудан басшысы алдымен желтоқсаншы ардагерлерге өзін таныстырып, Тәуелсіз азат күніміз жайлы сыр шертіп, ой қозғады. Сондай-ақ, Жандарбек Ермекұлы ауданымыздың бірқатар мәселелерін алға тартып, оның аясында атқарылатын жұмыстарымен де бөлісті. Аудан бойынша экономикалық жағдайдың тұрақтылығын айтып, алдағы уақытта шешілмеген түйіткілді мәселелер өз шешімін табатынын да жеткізді.

Осылайша аз-кем орнықты ойлардан кейін аудан басшысы мерекелі күннің кейіпкерлері – желтоқсаншыларды жеке-жеке марапаттап, сый-сияпаттарын тапсырды. Жүрек жарды жылы лебізін білдіріп, отбасыларына амандық, бақыт, берекелі табыстар тіледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях