Жергілікті полиция қызметі бөлімінде жаңа басшы

Жергілікті полиция қызметі бөлімінде жаңа басшы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қарасай аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Полиция полковнигі Тегебаев Асхат Жайықұлы Іле аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып, жақында біздің ауданымыздың полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөліміне басшы болып тағайындалды. Жаңа басшысының ішкі істер басқармасы саласында атқарған еңбегі 1996 жылдардан басталған. Қазіргі уақытқа дейін Алматы облысына қарасты Жамбыл және Іле аудандарында жауапты қызметтерді атқарып келді.

Асхат Жайықұлының өмірбаянына қысқаша тоқтала кетсек, ол 1975 жылы 4 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданында туған. 1994-1996 жылдар аралығында әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеген. Жоғары білімді азамат. 2000 жылы Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институттың «заңгер» мамандығы бойынша білімін алған.

1996-2018 жылдарда Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасында учаскелік полиция инспекторынан бастап, аудандық бөлім басшысының орынбасарына дейінгі қызмет баспалдақтарынан өткен.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях