«Зайырлы мемлекет пен зайырлы қоғам» түсінігі дәріптелді

«Зайырлы мемлекет пен зайырлы қоғам» түсінігі дәріптелді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен кезекті жиын болды.  Түсіндірме жұмысты мақсат еткен алқалы топ Қаскелең қаласының орталық кітапханасында колледж студенттері мен ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізді. Талқыға түскен тақырыптың атауы – «Зайырлы мемлекет және зайырлы қоғам». Осыған қатысты бірқатар мәселелер мен тыңдаушылар тарапынан қойылатын сұрақтарды талқылау үшін арнайы қонақтар да шақырылды. Жиын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманованың жетекшілігімен өтті.

Белсенді жастардың қатысуымен өткен отырыста зайырлы мемлекет түсінігі жан-жақты талқыланды. Оған қатысты радиакалды жат ағымның етегінде кеткен азаматтардың тағдырлары туралы да сөз етілді. Шақырылған қонақтардың арасында ауданның бас имамы Ринат Тәшенов діни қөзқарасты ойларын жастар санасына жете түсіндіруге тырысты. Өз сөзінде зайырлы мемлекет пен зайырлы қоғамды «дінсіз» түсінікпен шатастырмай, құқықтық ұстаным ретінде қарауға үндеді.

Осылайша тарих пен діннің айналасындағы айтылған айшықты ойлар жиынға қатысушыларға тағылымы мол насихатқа айналды. Алдағы уақытта аудандық жастар ресурс орталығының ықпалымен мұндай келісті кездесулер тағы болатыны жоспарланды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях