Заңға қатысты өзгерістер талқыланды  

Заңға қатысты өзгерістер талқыланды   

Бүгін аудандық орталық кітапханада Қаскелең қаласы әкімдігі мен аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің кейбір заңнамалық актілеріндегі  жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелеріне қатысты  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіру жөнінде  жиын өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Аталған басқосуға Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев пен оның орынбасары Гүлнар Молдамсеитова, аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, мектеп және колледж директорлары қатысып, жоғарыда айтылған мәселе төңерегінде әңгіме өрбітті.  Нақтырақ айтар болсақ, 2020 жылдан бастап заңмен бірқатар қылмыстар, соның ішінде зорлау, педофилия, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және мал ұрлығы басқа да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыстар үшін жаза күшейтілген. Осы негізде аудандық Полиция басқармасының әйел құқығын қорғау бөлімінің басшысы, полиция майоры Эльмира Есенбаева өз саласы бойынша енгізілген өзгерістер жайлы мәлімет беріп, қылмысты болдырмаудың алдын алу бойынша өткізіп жатқан шараларға байланысты баяндамасын оқыды. Ал, келесі кезекте сөз кезегін алған Қарасай аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Арман Талқанбаев соңғы заңнамаға сәйкес жыныстық, тұрмыстағы зорлық-зомбылық және  мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жауапкершіліктің артқанын, мал ұрлау дерегі Қылмыстық кодексте жеке бап болып бөлінгендігі жайлы ақпараттандырып, жіктеп түсіндіріп берді. Одан кейін жиынға қатысушалар спикерлерге сауалдарын қойды. Мәселен, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева  қазіргі таңда әйелдерге тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау мен оның алдын алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сұраса, №1 Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің психологі Ж. Диханчинова учаскелік полицейлердің шақыртуға кешігіп келуіне байланысты мәселені көтерді. Учаскелік полицейдің уақытында келмеуі  құқық бұзушылықтың қай мезгілде болғанына байланысты екен. Себебі, күндіз өз аумағында толықтай бақылау жасайтын учаскелік полицей кешкесін өз жұмысын патрульдік полцейлерге өткізіп береді. Тағы бір себеп бір уақытта екі шақырту болуы мүмкін екен.

Ал, аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы кез келген қылмысты болдырмау үшін тәрбиені тал бесіктен бастау керектігін атап айтып, алдағы уақытта  құқық қорғау органдары қоғамдық кеңестермен бірлесіп жұмыс атқарса деген ұсынысын білдірді. Осылайша, жиын барысында жүйелі жұмыстардың ұйымдастырылуына ықпал ететін ой пікірдер ортаға салынып, әңгіме арқауына айналған заң жобасы жан-жақты талқыланды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях