Волонтерлік қызмет үшін студенттерге ақша төленеді

Волонтерлік қызмет үшін студенттерге ақша төленеді

Студенттер волонтерлік қызмет үшін әр сағатына 1000 теңгеден алатын болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет елімізде волонтерлікті қолдау бағытын сөз етіп, ондағы ауқымды жұмыстардың жоспарымен бөлісті.

«Волонтерлер жылына байланысты жалпы еріктілер жұмысына деген қызығушылықты арттыру жоспарланған. Біршама ұсыныс та түсіп жатыр. Атап айтқанда, биыл «Әлеуметтік студенттік несие» атты жобасын бастадық. Ол бойынша студент жастарға волонтерлік қызметтің әр сағаты үшін 1 000 теңгеден төленеді. Олар осы соманы оқу қажеттілігіне жұмсап, базалық шығындарын өтей алады», – деді М.Қожахмет баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, комитет төрағасының айтуынша, волонтерлік қызметтің әр сағаты үшін төленетін қаражаттың барлығы республикалық бюджет есебінен алынады және волонтерлік қызмет мерзімін еңбек кітапшасына енгізу жұмыстары да қарастырылуда.

Жалпы, волонтерлік қызметке тұрғысы келетін жастар Qazvolunteer.kz сайты арқылы тіркеліп, жұмысқа деген өз ниеттерін білдіре алады. Қазірдің өзінде ЖОО білімгерлері белсенділік танытса, ал, келесі жылы колледж жастары да тартылу көзделген.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях