Украинада белгісіз біреу өтіп бара жатқан бір топ адамға граната лақтырды

Украинада белгісіз біреу өтіп бара жатқан бір топ адамға граната лақтырды

Харьковта ер адам өтіп бара жатқан бір топ адамға граната лақтырды. Жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, зардап шеккендердің қатарында 16 жастағы бала бар. Ол орташа ауыр жарақат алды, 33 және 19 жастағы тағы екі адамның денсаулығы қанағаттанарлық.

– «Белгісіз адам граната лақтырды. Үш адам жарақат алды, дәрігерлер оқиға орнында көмек көрсетіп жатыр», – деп жазды өңірлік полиция басқармасының баспасөз қызметі Twitter-де.

Қаскүнемді басқа жолаушылар ұстағаны белгілі болды. Олар ер адамның қолын қайырып, полиция келгенше ұстап тұрған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях