ОРАЛМАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

ОРАЛМАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстанда оралмандарды бейімдеу орталықтары құрылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін халықпен өткізген есептік кездесуінде елімізге қайтып келуші қандастарымызға қатысты түсінік беріп, олар үшін бейімдеу орталықтары құрылатынын айтты.

– Ең алдымен отандастарымызға Қазақстанның кез келген өңірінде өмір сүруге мүмкіндік береді. Екіншіден, қоныс аудару барысында қала не болмаса ауылға яғни, жергілікті жерлерге байланысты отбасының әрбір мүшесіне шамамен 8 мың теңге төленеді. Егер пәтер не болмаса тұрғын үй бірден берілмесе, онда 12 ай бойы 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін төленеді, – дейді министр Б.Сапарбаев.

Осы ретте, Бердібек Сапарбаев осыдан 10 жыл бұрын елімізде оралмандарды бейімдеу орталықтары мен жатақханалар салынғанын айтып, алайда олардың қайда жоғалып кетуіне байланысты жұмыс жасап жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, министр Бердібек Машбекұлы оралмандардың жағдайына қатысты ойын жалғап, былай деді: «Бастапқы кезде қандай да бір баспана берілуі тиіс. Олар өзге елден келді, бұл жерде таныстары да, туған-туыстары да жоқ».

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях