Қ. ТОҚАЕВ: «ТЖ режимін сәуірдің аяғына дейін созуға тура келеді» / Қ. ТОҚАЕВ: «Режим ЧП придется продлить до конца апреля»

Қ. ТОҚАЕВ: «ТЖ режимін сәуірдің аяғына дейін созуға тура келеді» / Қ. ТОҚАЕВ: «Режим ЧП придется продлить до конца апреля»

Бүгін ҚР Президент ҚасымЖомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Fаcebook-тегі парақшасында сілтеме жасап.

– 15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен аурудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы, – деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.

**********************************

Сегодня под председательством Президента РК Касым-Жомарта Токаева состоялось заседание Государственной комиссии по чрезвычайному положению, в котором в режиме видеосвязи участвовали акимы областей и городов республиканского значения, а также руководители государственных органов и правоохранительных структур. Об этом передает karasayinfo.kz со ссылкой на пресс-секретаря Президента РК Берика Уали. 

– 15 апреля истекает срок моего Указа о введении чрезвычайного положения. Уже сейчас понятно, что режим чрезвычайного положения придется продлить как минимум до конца апреля. Мы еще не прошли пик заболеваемости коронавирусом. Ситуацию с эпидемией упрощать нельзя. По этой причине поручаю продлить карантинный режим в столице, Алматы, Шымкенте и в соответствующих областях до конца апреля. Понимаю, что это непопулярное решение, поскольку люди хотят выйти на улицы, восстановить нормальный, привычный распорядок жизни. Но другого выхода нет, кроме соблюдения карантина, самоизоляции. Это рекомендации отечественных и международных специалистов-вирусологов, – отметил Глава государства в своем выступлении.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях