«Тіл тазалығын сақтайық» акциясы жалғасуда

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Ауданымызда «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес сауатты жазылуын тексеру мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жүргізілуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Акцияның негізгі мақсаты облыс бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске облыс жұртшылығын кеңінен жұмылдыру. Осы акцияның аясында ауданымыздың көлемінде бірқатар рейдтер мен жеке кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, қалалық әкімдік пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен және тілге жауапты мамандарының қатысуымен бүгін «Тіл тазалығын сақтайық» акция аясында ауданымыздағы дүкендер мен демалыс орындары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында Абылай хана кө­ше­­сі бойында орналасқан мейрамханалар мен асханалар, дүкендер, демалыс орындары мен балмұздақ сататын кішкентай дүкеншелер сияқты халыққа қызмет көрсету нысан­дарының иелеріне «Қазақстан Республи­ка­сын­дағы Тіл туралы» Заңының 21-бабы та­лап­­тарын түсіндіру жұ­мыс­тары жүргізіліп, барлық ақпарат жазылған парақ­шалар мен сөздіктер та­ра­тылды. Сондай-ақ, акция барысында мамандар нысандар иелеріне заң бұзушы­лықтарды түзетуге тамыз айының 25-іне дейін ғана уақыт берілгенін және де белгі­ленген мерзімде түзетілмеген жағ­дайда Қазақстан Республи­к­а­сының «Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы» кодексінің 75-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданы­ла­тыны туралы ескертті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях