Теміртау қаласының әкімдігі КСРО таңбасын бұзудан бас тартты

Теміртау қаласының әкімдігі КСРО таңбасын бұзудан бас тартты

Монумент қалаға кіре берісте орналасқан. Еңбек Қызыл Ту Орденінің көшірмесінде КСРО елтаңбасы бейнеленген, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  ZTB.kz сайтына сілтеме жасап.

Астаналық тұрғын Исатай Минуаров стеланы бұзу туралы ұсынысын мамырда Қарағанды облысының әкімдігіне жіберген.

«Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толған мемлекеттен қазіргі уақытта жоқ елдің рәміздерін көру кез келген Қазақстан азаматына ұнамас еді», — дейді Минуаров.

Ал әкімінің орынбасары Самат Зияшев бұзуға келіспеді. Оның сөзінше бұл қала мен тұрғындардың мақтанышы.

«1971 жылы қаңтарда халық шаруашылығын, әсіресе ауыр өнеркәсіп саласын дамыту жоспарын орындауда қала қызметкерлерінің еңбегі үшін Теміртау қаласы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1980-ші жылдары Теміртауға кіре берісте қала атауы жазылған стела және Еңбек Қызыл Ту орденінің үлкен көшірмесі орнатылды. Орденнің бейнесі қала тұрғындарының мақтанышына және қала тарихындағы маңызды оқиғаны еске алу белгісі ретінде қойылған. Марапатта Теміртау тұрғындарының еңбекқорлығы, көп ұлтты қала тұрғындарының достығы, қиындықтарды жеңудегі қала тұрғындарының бірлігі, қала мен Қазақстанның өркендеуіне деген ортақ ұмтылыс үйлесім тапқан. Осыған байланысты бұл стела — Теміртаудың Қазақстан Республикасының ірі индустриялық-өнеркәсіптік орталығы ретінде қалыптасуының белгісі болып табылады»,- делінген Теміртау әкімінің орынбасары Зияшевтің қолы қойылған хатта.

Қала басшылығы сонымен қатар, стеланы басқа орынға ауыстыру мүмкіндігінің барын да жоққа шығармады. Алайда нақты уақыты мен қойылатын орнын туралы ештеңе айтылмаған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях