Тегін түскі ас, жаңа мектептер: Алматы облысындағы тамыз конференциясында не айтылды?

Тегін түскі ас, жаңа мектептер: Алматы облысындағы тамыз конференциясында не айтылды?

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбында Алматы облыстық педагог қызметкерлерінің өңірлік тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Дәстүрлі тамыз конференциясына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, онлайн режимде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер, педагогика ғылымдарының докторлары, академиктер, аудан, қала әкімдері, республикалық, облыстық департаменттер мен басқармалардың, өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары қатысты.

Облыс әкімі өз баяндамасында биылғы білім беру саласының бюджеті 394 млрд. теңгені құрағанын және өткен жылмен салыстырғанда 78 млрд. теңгеге ұлғайғанын атап өтті. Облыстың өзекті мәселелерінің бірі – үш ауысымды мектептер мәселесі. 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жобалық қуаты 68 200 оқушыға арналған 53 жалпы білім беретін мектеп салу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 15 750 орынды 16 мектептің құрылысы жүргізілуде, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл аудандары мен Қонаев қаласында 1 қыркүйекке дейін пайдалануға берілетін 9 мектептің құрылысы аяқталды. 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, ал қалған екі мектеп 2024 жылға ауысады.

– Бастауыш сыныптардың 113 240 оқушысына тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 4 млрд. 529 млн теңге бөлінді. 2023 жылы шалғай елді мекендерден оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін 2 млрд.172 млн теңге бөлінді, «Лизинг» арқылы 36 автобус сатып алынды, – деді өңір басшысы.

Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өткен оқу жылын қорытындылап, атқарылған жұмыстарға талдау жүргізді.

Тамыз конференциясының қорытындысы бойынша облыс педагогтері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үздігі» дипломымен балабақша меңгерушісінің жұмысы атап өтіліп, «Еңбек ардагері» медалімен 11 педагог марапатталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях