Талдықорғанда 55 отбасы қоныс тойын тойлады  

   Талдықорғанда 55 отбасы қоныс тойын тойлады   

Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай 55 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

«Болашақ» шағын ауданында жаңадан салынған үйдегі пәтерлердің кілтін облыс әкімі Амандық Баталов табыстады. Облыс басшысының айтуынша, 20 жыл бұрын әкімшілік орталық Алматыдан Талдықорған қаласына көшірілген кезде қалада жарық та, жылу да жоқ, көпқабатты үйлер қараусыз қалыпты.  Шамамен сол уақытта 97 мың халық тұратын қаланың тұрғындары бүгінде 200 мыңның жетіп, жаңа шағын аудандар, әлеуметтік нысандар салынды, жолдар, саябақтар, скверлер, аулалар көптеп салынған.

Сонымен қатар,  белгілі сәулетшілер бүгінгі Талдықорғанның кескін-келбетінің көріктенуіне үлес қосуда. Мәселен, облыс орталығы мәртебесін алғанын мерейтойға орай Талдықорғанда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағында коронавируспен күресте ерлік пен жанкештілік танытқан дәрігерлерге арналған ескерткіштің ашылды. Сондай-ақ, қала көшелеріне заманауи автобустар шығарылды.

Жалпы, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Алматы облысында 1 миллионнан астам шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған. Оның 191,3 мың шаршы метрі немесе 2603 пәтер (521 тұрғын үй) бюджеттің қаржысына салынады. Ағымдағы жылдағы 8 айдың ішінде бағдарламаның барлық бағыты бойынша берілген 904 пәтердің 68-і көп балалы отбасыларға тиесілі. Баспанасыз жүрген халықты пәтермен қамтамасыз етуге арналған жалдамалы тұрғын үй құрылысына биыл 16,2 миллиард теңге бөлініп, оның 10,9 миллиард теңгесі көпбалалы отбасыларға арналған. Облыста жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған 1695 отбасының 953 көпбалалы болып табылады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях