ТАҒЫ БІР ДИМАШ ГРУЗИЯНЫ БАҒЫНДЫРДЫ

ТАҒЫ БІР ДИМАШ ГРУЗИЯНЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Golden argo-2019» халықаралық байқауында қазақстандық жас ақын Дінмұхаммед Бекболатұлы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде жария болды.

Дінмұхаммед Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. Көлді орта мектебінің 8 сыныбында оқиды. Дарынды оқушы 27 маусым мен 3 шілде аралығында Украина, Литва, Болгария, Түркия, Армения, Азербайжан, Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық жас өрен қатысқан байқауда бағын сынап, көрерменнің көзайымына айналды. Әбубәкір Қайранның «Қасқыр» атты өлеңін нақышына келтіре айтып, қазылар алқасының жоғарғы бағасын алды.

Жалпы, ақын жанды бала осыған дейін «Мен де жұлдыз боламын» атты республикалық конкурсына қатысып, халықаралық ақындар жарысының лауреаты атанған.

Осындай өнерлі өреннің шығармашылығын шыңдауға анасы әрқашан қолдау көрсетеді екен. Димаштың келешекке жоспары айқын. Соның бірі –  өзінің жеке шығармашылық кешін беру.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях