Түзеу колонияларында бетперде тігумен айналысқан азаматтарға сыйақы берілді

Түзеу колонияларында бетперде тігумен айналысқан азаматтарға сыйақы берілді

Түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан азаматтар бетперде тігумен айланысқан жұмысы үшін ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы inform.kz пен ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19-шы наурыздан бастап Шығыс Қазақстанның алты колониясында сотталғандар қорғаныс бетперделерін тіге бастады. Осы уақытқа дейін олар 120 мыңнан астам бетперде тігіп үлгерген. Бұл бетперделермен полиция офицерлері мен әскери қызметкерлер толығымен қамтамасыз етілген.

Сотталғандардың еңбегі елеусіз қалмады, оларға ақшалай сыйақы берілді.

– Біздің жұмысымыз бағаланып, сыйақы табысталғанына өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен бұған сенбедім.  Мен алған сыйақымды әйеліме аударып жібердім, оған бұл ақша маған қарағанда қажетті деп ойлаймын, – деді Арлан есімді жазасын өтеуші.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде қорғаныс маскаларын тігу жалғасуда.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях