Тұңғыш Президенттің жеке сайты іске қосылады

Тұңғыш Президенттің жеке сайты іске қосылады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Elbasy.kz атты ресми интернет-ресурсы іске қосылды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жариялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

– «Таяу күндері біз Елбасы өз бағасын беріп үлгерген ресми интернет-ресурсты іске қосамыз», – деп жазды Twitter парақшасында Айдос Үкібай.

Аталмыш сайттың жұмысына Елбасы кеңсесі, Президент іс басқармасы және Тұңғыш Президент қоры секілді бірқатар қызмет жұмылдырылды. Бұл ресурсты құрастырып және дизайнін жасау үшін сайт жасау мен дизайн салаларындағы біліктілігі жоғары мамандар тартылған. Сайтта Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны, Президент болып сайланған күннен бастап қызметтік жолы, халықаралық беделі мен мемлекет астанасы Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәліметтерді оқуға болады. Сондай-ақ, онда Елбасы кеңсесіне, «Nur Otan» партиясына, Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған бөлімдер да қамтылған. Мұнан бөлек баспасөз хатшысының айтуынша, сайттың бетінде жарияланған жаңа және ескі суреттерді кез-келген уақытта жоғары сапада көшіріп алуға болады.

Енді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының атқарып жатқан жұмыстары мен ресми кездесулері туралы ақпарат Elbasy.kz сайтында және баспасөз қызметінің парақшаларында орналастырылады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях