Төрт  адам суға батып кетті  

Төрт  адам суға батып кетті   

Осы Ақтөбе облысының жағажайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілсе де, ескертуді елемей тыйым салынған жерде шомылушылар қатары азаймай отыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Соның салдарынан бірі суға батып жатса, енді біріне айыппұл салынып жатыр. Тек соңғы үш тәулікте өзен-көлге түскен төрт адам қаза тапты. Оның біреуі жасөспірім. Ол су жағасына ата-анасымен бірге барған. Қалған үш дерек бойынша құтқарушылар суға кеткендердің мас күйінде болғанын анықтады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі, полиция мен экология департаментінің мамандары рейд шараларын күшейтіп отыр.

– Мұғалжар ауданында қайтыс болған жігіт 1980 жылғы. Ол мас күйінде суға түскен. Ақтөбе қаласында бір адам және Алға ауданында бір адам. Үш адамның үйшеуі де мас күйінде суға түскен және де тыйым салынған жерлерде суға түсуіне байланысты қайтыс болып отыр. 3,5 – 4 метрлік тереңдіктен олардың өлі денесін біздің құтқарушылар алып шықты, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Марғұлан Аманбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях