Тұрғындарды толғандырған мәселелер назарға алынды

Тұрғындарды толғандырған мәселелер назарға алынды

Тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аудан халқын алаңдатқан мәселелерді шешу жолында жауапты басшылар мен мамандардың қатысуымен түрлі жиындар, кездесулер өтіп, түсіндірмелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде кешегі Іргелі ауылдық округіне қарасты «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде өткізілген мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін де айтуға болады. Тұрғындардың қатысумен өткен шараға Іргелі ауылдық округ әкімдігінің өкілдері, аудандық білім, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық-шаруашылық пен тұрғын үй инспекциясы бөлімдеріндегі, сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығындағы мамандары қатысты.

20 мыңнан астам халқы бар ықшам ауданда ұйымдастырылыған жәрмеңке аясында 2000-ға жуық адамға консультациялық кеңес беріліп, әртүрлі сұрақтарға жауап қайтарылды. Халықты толғандыратын мәселенің ішінде әлеуметтік, мектеп пен балабақша, тұрғын үй, жерге қатысты сұрақтар көтеріліп, оған қатысты толық ақпараттар жауапты мамандар тарапынан  берілді. Кейбірінің шешу жолдары да түсіндірілгенін айта кеткен жөн.

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мұндай жәрменкелердің реті алдағы уақытта өз жалғасын табады. Оның барысында да жоғарыда айтылғандай, аудан тұрғындарын толғандырған сұрақтардың барлығы да назарға алынып, жауапты басшылар мен түрлі маман иелерінің ықпалымен тиісті шаралар атқарылатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях