Шымкенттіктер 100% вакцина алды

Шымкенттіктер 100% вакцина алды

Коронавирус індетінің таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл» аймаққа өтті. Қалада вакцина салуға болатын санаттағы адамдардың 100 пайызы екпе алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Үшінші мегаполис болып саналатын бұл қалада індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек-орындардың басым бөлігі қысқарған.

«Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 28 жағдайы тіркелді. Бүгінге 397 адам стационарда ем қабылдап жатыр. Төсек-орын 48 пайызға толы, 416 төсек-орын бос», – делінген ресми деректе.

Айта кетейік, Шымкент қаласы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша алғашқы 100 пайыз жоспарды орындады. Нақтырақ айтқанда, қалада вакцина салуға болатын 536 мың адам бар болса, оның барлығына екпе салынды. Бұған қоса бұл категорияға қосымша 60 мың адам қосылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях