Алматы облысында «Брайль» әліппесінің жаңа түрі таныстырылды

Алматы облысында «Брайль» әліппесінің жаңа түрі таныстырылды

Алматы облысы «ДОС» мүгедектер қоғамы ҚБ төрағасы Қуаныш Қапанов жаңа үлгідегі «Брайль» әліппесін жасап шығарды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандар пайдаланып жүрген «Брайль» әліппесі Ресей де шығарылған. Ол пласстиктан жасалып, арнайы торшада алты тесіктер орналасқан. Әрбір тесікте бір әріп орналасқан. Сол арқылы жанарынан айырылғандар жазып, оқи алады. Шағын етіп жасалған арнайы әліппенің кемшілігі де жоқ емес. Ондағы арнайы әріпті белгілеуге арналған алюминийден жасалған таяқшасы ұстауға ыңғайсыз және де қаріп саны аз болғандықтан ұзақ сөйлемді оқу мүмкін емес. Көрші елдің жіберген олқылығын дұрыстау мақсатында Қуаныш Қапанов жаңа үлгідегі «Брайль» әліппесін ойлап тапты. Мұндағы қаріптер саны 72-ні құрайды. Ұзақ сөйлемді, өлең жолдарын оқуға немесе қағаз бетіне түсіруге ыңғайлы. Ұяшықтардың арасын бөліп тұратын шағын белгілері де қарастырылған. Шахмат тақтасына ұқсас әліппе ағаштан жасалған. Оның әріптерді белгілеуге арналған таяқшасы да қолға ұстауға ыңғайлы. «Брайль» әріптері дәл екі бағанға бөлінген алты нүктемен ұсынылған. Мәтін оңнан солға қарай оқылады, ал, келесі бетте солдан оңға қарай жүреді. Нүктелер баған бойынша жоғарыдан төмен қарай нөмірленеді және алдымен оң жақтан, содан кейін сол жақтан оқылады. Нүктелер өлшемдері мен олардың бағандары мен арақашықтықтары үшін жалпы қабылданған нормалар бар. Тану үшін жеткілікті минималды белгі биіктігі — 0,5 мм, арақашықтығы 2,5 мм. болатын тесіктер Бұл құрылым зағиптарға белгілерді жанасу арқылы оңай танып, оқу дағдыларын тез игеруге мүмкіндік береді.

Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін нүктелі «Брайль» — жазу мен оқуды үйренудің жалғыз әдісі. Мүмкіндігі шектеулі адамдар осы дағдылардың арқасында сауатты және тәуелсіз болып қана қоймай, сонымен қатар жұмыс табуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Қуаныш Болатбекұлы көзі нашар көретіндерге «Брайль» әліппесін тегін үйретуде. Өзгеше қаріпті үйренем деушілердің жас шамасына шектеу жоқ. Оның басты мақсаты – зағиптардың білімсіз зардап шегуінің алдын алу.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях