Еліміздің Швейцариядағы елшілігі ұйымдастырған шара қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орайластырылған. Оған қазақ диаспорасы, осы елде білім алып жатқан Қазақстан студенттері және ақын шығармаларын сүйіп оқитын жандар қатысты, деп хабарлайжы karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтиына сілтеме жасап.
Ұлы Абай өлеңдері Швейцарияның Люцерн қаласының шетіндегі ескі Мегган қамалының қасында жыр болып төгілді. «Абай оқулары» Альпі тауларының баурайында әйгілі Люцерн көлінің жанында ұйымдастырылды. «Пайда ойлама, ар ойла». Абайдың осы өлеңін жатқа оқыған «Болашақ» бағдарламасының магистранты Әлішер Тұрсын ерекше челлендж бастады. Эстафетаны жалғаған швейцариялық Адриан Делафонтейн ұлы ақынның «Жаз» атты туындысын француз тілінде, ал, Мехмет Гундоган «Әсемпаз болма әр неге» өлеңін неміс тілінде оқыды. Халықаралық челленждің шымылдығы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен жабылды. Ұлы ақынның әлемге танымал туындысын барша жұрт қосыла шырқады.
– Бұл іс-шараның мағынасы өте терең деп есептейміз. Біріншіден, біздің ұлы ақынымыз Абайды Еуропада, Швейцарияда танымал ету, бұл кісінің шығармаларын неміс, француз, итальян тіліне аударып, біздің қазақтың рухын, біздің қазақтың мәдиниетін, біздің тарихымызды еуропалықтарға жақындату. Мұндай іс-шараларды болашақта тек қана елшілікте емес, жақында кұрылған «Бірлік» қауымдастығымен бірге және «Қаз Альянс» қауымдастығымен бірге Швейцарияда және басқа мемлекеттерде өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Қазақстан Республикасының Швейцария конференциясындағы елшісі Әлібек Бақаев.
Коронавирусқа қарамастан Швейцарияның Люцерн қаласының шетінде өткен Қазақтың ұлы ақынын еске алуға арналған «Абай оқулары» жиналған жұрт пен қонақтарға қатты әсер етіп, ұмытылмастай із қалдырды.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать