Шамалғанда 20 үй жалға беріліп, «Өнер мектебі» салынады

Шамалғанда 20 үй жалға беріліп, «Өнер мектебі» салынады

Шамалған ауылында биыл 20 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Өнер мектебі» құрылысына қатысты жұмыстар басталады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Үйсіз-күйсіз жүрген біраз шамалғандықтардың биыл баспана мәселесі оңтайлы шешілмек. «Үшқоңыр» спорт мектебінің маңына жақын орналасқан жерде ауласында 5 сотық жер телімі бар 20 жер үй сатып алу құқықығынсыз жалға беріледі. Бүгінгі таңда оның жобалау-сметалық құжаттамасы «АРС ЛТД» ЖШС-мен әзірленіп, осы жылдың қаңтар айында мемлекеттік сарапттамадан сәтті өтті. Тұрғын үйдің іргетасы қалануына «КЕРНЕУ-К» ЖШС толығымен жауапты. 262,4 млн. қаржы қарастырылған бұл құрылыстың қазіргі уақытта жұмысы қарқынды жүруде. 2021 жылдың мамыр айында 20 үйдің кілті әлеуметтік осал топқа жататын баспанаға мұқтаж жандарға пайдалануға берілмек.

Шамалған ауылдық округінде мәдениет саласы да жақсы жағынан жандана түседі. Жетісу өңірінің басшысы Амандық Баталовтың бастамасымен 70 сотық жер теліміне облыстық бюджеттің есебінен «Өнер мектебі» салынады. Биыл аталған мәдени орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өтуі қарастырылуда.

Одан бөлек, болашақта 1000 көрерменге арналған «Өнер» сарайы да бой көтереді. Қазіргі уақытта оған қатысты барлық жұмыстың жай-жапсары талқылану үстінде. Келешекте ауыл адамдары мен келуші қонақтар сәулеті жарасқан керемет сарайда рухани демалады деген жоспар бар. Әрине, оның бәрі уақыттың еншісінде. Бастысы мақсат – айқын, бастаманың бағыты – белгілі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях