Шағын қала тұрғындарының жалақысына енді үстемақы қосылады  

   Шағын қала тұрғындарының жалақысына енді үстемақы қосылады   

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  holanews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Аталған заң жобасы еліміздің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің, оның ішінде аудандық маңызы бар қалалардың ағымдағы мәртебесін толық көлемде қамтуға бағытталған. Қолданыстағы заңға сәйкес аудандық маңызы бар қалаларға халық саны 10 мың адамнан кем емес елді мекендер жатады. Қазіргі уақытта 48 аудандық маңызы бар қаланың 13-і халықтың саны бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейді, яғни осы аудандық маңызы бар қалаларда тұрғындар санының аздығына байланысты олардың мәртебесін өзгерту қажеттігі туындады.

Осыған байланысты, қала мәртебесінен ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда сонда тұратын азаматтар ауыл тұрғындары мемлекеттік әлеуметтік қолдауларға қол жеткізеді. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қызметкерлерінің жалақысына жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша 25 пайыздан кем емес үстемақы қосылады.

«Оған қосымша тұрғындар коммуналдық төлемдерге, қызметтік тұрғын үйге, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіптік білім алу мен ауылдық жерде кәсіпкерлікті қолдауға, дамытуға қатысты бірқатар жеңілдіктерді пайдалана алатын болады», — деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Сондай-ақ, заң жобасында халықты жұмыспен қамтудағы өлшемшарттардың ескіруі мен уақыт талабына сай болмауына байланысты «аудандық маңызы бар қала», «кент» және «ауыл» ұғымдарынан қосымша өлшемшарттарды алып тастауды көздейтін түзетулер ұсынылады.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях