Чили халқы президенттің отставкаға кетуін талап етуде

Чили халқы президенттің отставкаға кетуін талап етуде

Қала көшелеріне маска мен қорғаныш костюмдерін киіп шыққан 50 шақты адам ел Президенті Себастьян Пиньераның отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Шерушілер жергілікті биліктің саясатына наразы, сонымен қатар, конституциялық референдумның кейінге қалдырылуына қарсы. Бұл елде коронавирус пандемиясының кесірінен осы айға жоспарланған конституциялық референдум қазан айына шегерілген.

Аталмыш референдум өткен жылдан бастап Чилиде жалғасқан жаппай наразылықтардың нүктесін қоюы тиіс еді. Ол кезде тұрғындар медициналық қызметтің сапасын арттыруды және тегін білім беруді талап еткен еді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях