«Серт» – детектив жанрының жаңа демі

«Серт» – детектив жанрының жаңа демі

Елордамызда ішкі істер министрлігі ұйымдастыруымен «Серт» атты алғашқы республикалық детективтік шығармалар байқауы өтті. Аталмыш байқауда Қарасай ауданының тәртіп сақшысы, өмірін полиция қызметіне арнаған Бекболат Сарбасов «Мажоры» туындысымен II орын жүлдегері атанды, деп хабарлайды karasayinfo.kz

23 маусым тойланатын полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтанда шығармашылық байқау жүлдегерлерінің марапаттау рәсімі өтті. Халыққа ішкі істер органдарының қиын қызметін жан-жақты ашып көрсетуге, жас мамандарды антына және қызметтік боршына адал болуына тәрбиелеуге бағытталған іс-шараға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі қатысты. Жүлдегерлерді марапаттауға өнер және ішкі істер органдарының құрметті  тұлғалары шақырылды.

Өмірінің 25 жылын полиция қызметіне арнаған, Қаскелең қаласының көптеген жастарын жаман жолдан сақтап, өмірін өзгерткен Бекболат Сарбасов құрметті демалысқа шыққаннан кейін жазушылыққа бет бұрған. Ол кітаптарында өмірлік тәжірибесін, адамның сан түрлі қасиеттерін сиппаттап, жамандық пен жақсылықтың күнделікті күресін баяндады. Осы жылы шығармашылықтағы «Бек Сарбасов» деген бүркеншік атымен жарық көріп жүрген кітаптарының үлкен жеңісі мен жемісін көрудеміз. Республика бойынша детектив жанрында жазылған туындылар ішінде оның еңбегі жоғары бағаланып жүлделі орынға ие болып отыр. ІІ орын жүлдегерін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы, аудармашы, сценарист және кинорежиссёр Бахытжан Мұсақанұлы марапаттады.

  • Шығармашылық бағытында ұйымдастырылып отырған алғашқы үлкен іс-шараға қатысу мен үшін мәртебе. Шығармашылығым бағаланып, халыққа ұнап жатқаны қатты қуантады. Туындымды жарыққа шығаруға атсалысқан «Мажоры» атты кітабымның редакторы журналист Танзиля Мухтароваға айтар алғысым шексіз. Сонымен қатар, «ОгниАлатау» газеті редакторының орынбасары Хасан Еспановқа, Қарасай аудандық электр желісінің бастығы Ерлан Момбаевқа, ЖШС «Isker Company» бас директоры Василий Тенге ризашылығымды білдіремін, деп туынды авторы сезімдерімен бөлісті.

Қаскелең халқына көп жылдар бойы тәртіп сақшысы, қатал және қиын мамандықтың иесі ретінде танылған Бек Сарбасов, бүгінде жаңа қырынан ашылуда. Жаңа ұрпаққа туындылары арқылы жақсылық пен жамандықты айқара көрсетіп, полиция саласының жас мамандарына өмірлік нұсқау қалдырмақ.

Азғыруы көп жолда адалдықтан таймай, ар-ождан даусын тыңдай біліп, бар алған тәжірибесін бойына сіңірген Бекболат Сарбасов қызметін құрметпен аяқтады. Енді ол – шығармашылық тұлғасы!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях