Ведомство баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2012 жылғы бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен өз еркімен кеткен, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Ол комитетті 2019 жылдың қаңтар айынан бастап басқарды, бұған дейін 2014-2017 жылдары ПСК «Astana Arlans» ЖШС Бас директоры болған, ал бұдан бұрын – 2013-2014 жылдары Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметін атқарған.