«Сарыарқа» базарының орнына жаңа сауда орталығы салынады

«Сарыарқа» базарының орнына жаңа сауда орталығы салынады

Алматы қаласында жарты ғасырға жуық жұмыс істеп тұрған «Сарыарқа» базары сүріліп оның орнына жаңа сауда орталығы пайда болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше алдымен базардың киім сататын бөлімін бұзу жоспарланған ал, басқа бөліктері келесі жылы алынатын болады.

– Қаңтар айынан бастап қайта құру жұмыстары киімдер сатылатын жақтан басталады, ал азық-түлік бөлігі келесі жылға қалады. Біз онда жаңа сауда үйін тұрғызамыз, – деді әкімшіліктің өкілі.

Айта кетейік, Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылы мен Ұлықбек көшесінің қиылысында орналасқан «Сарыарқа» базары шамамен 45 жыл бұрын салынған. Ол жерден адамдар фермалық тауарларды, оның ішінде сүт, балық және ет өнімдерін сатып алалатын.

Аталмыш базарды бұзу туралы ақпарат екі жыл бұрын айтылған еді. 2018 жылдың тамызында қала әкімдігі базардың орнына ыңғайлы сауда шарттары мен жерасты паркингі бар сауда орталығы пайда болатындығын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, Алматыдағы ең көне базарлардың бірі – Никольский базары да бұзылып, оның орнына да жаңа сауда орталығы салынады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях