Алматы облысында санитарлық бекеттер мен блок посттар саны артты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейін өңірдегі жолдарда 20 бекет болса, енді олардың қатары 103-ке жетті. Онда 550-ден аса адам жұмыс істеп жатыр. Сала мамандары әрбір жолаушыны тексеріп, тұрғылықты мекенжайына сәйкес өткізеді. Ал азық-түлік тиеген жүк көліктерінің еш кедергісіз қатынауына мүмкіндік жасалған.
– Санитарлық режим барлық жерде күшейді. Бір жарым тәулік ішінде 30 мыңдай адам 13 мыңдай транспорт кірді. Транспорттың бәрі дезинфекцияланып жатыр. Адамдардың бәріне анкета толтырып жатырмыз. Соның ішінде біреуінде температура болды. Оны оқшауладық, – деді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов.