Атамекендегі алқалы басқосу

Атамекендегі алқалы басқосу

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтар үшін айтулы мерекелердің бірі. Бүгін осы атаулы күнге орай Елбасымыздың туған жерінде орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында алқалы отырыс болды. Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен Қарасай жеріне арнайы жұмыс сапарымен келген меймандардың қарасы аз болмады. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі, «Алматы» Дипломатиялық клубының дипломаттары және тағы басқа шетел инвесторлары мен елшіліктері болды.

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев келген қонақтарды «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында қарсы алып, ғимарат ішіндегі экскурсияның басы-қасында жүрді. Елбасымыздың өмірі мен қызмет жолынан сыр шертетін баға жетпес мұралар дипломаттар үшін тың дерекке айналды. Меймандардың мұражай ішіндегі саяхатының соңы  дөңгелек үстел басындағы ашық әңгімемен жалғасты. Аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы жиынға өзі төрағалық етіп, сөз басында  отырысқа қатысушыларды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Сондай-ақ, ауданның жеткен жетістігі жайлы ақпарат беріп, қысқаметражды бейнеролик арқылы өңірдің тыныс-тіршілігін таныстырды. Алғаш сөз кезегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің төрағасы Руслан Бөлтіріковке беріліп, ол киелі қарасай жерінің өркендеуіне, өсуіне деген жылы лебізін білдірді. Одан бөлек, басқа да шетел елшіліктердің төрағалары мен өкілдері жеке-жеке сөз алып, Елбасымыз жайлы тұщымды ойларын ортаға салды. Әрі қарасайлықтардың қонақжайлықтарына өз ризашылақтарын білдірді.

Сөз соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев келген қонақтарға ерекше алғысын айтып, инвесторлардың назарына жақсы ұсыныс тастады: «Жалпы, біздің аудан табыс пен жетістіктің өңірі болып табылғандықтан, инвестиция саласын дамытып, іскерлік қарым-қатынаста болуға шақырамын», – деді. Ал, инвесторлар аудан басшысы Жандарбек Ермекұлының ұсынысын бірден қолдап, келесі жылдың сәуір айында  инвестфорум өткізуді жоспарлады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях