Квотамен оқыған жастар ауылда үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

Квотамен оқыған жастар ауылда үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары колледж немесе университетті аяқтағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндетті. Тиісті Қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына, сондай-ақ, «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан тиісінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді», – делінген құжатта.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях