Салт-дәстүрлер жаһандану заманында

Салт-дәстүрлер жаһандану заманында

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін ауданымыздағы Шалқар ауылының орта мектебінде «Салт дәстүрім санамда, жаһанандану заманында» атты тақырыпта аудандық білім бөлімі көрме ұйымдастырды. Бұл шарада еңбек пәні мұғалімдерінің қолөнер туындылары ортаға салынып, сондай-ақ, іс-тәжірибе алмасу мақсатында семинар сабақтар назарға ұсынылды.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген жиынға  аудандағы 40-жуық мектеп қатысты. Халқымыздың көне мәдениетін бір сабақ жіпке сыйғызып, ұлттық сәндік қолданбалы өнерімізді бүгінмен сабақтастыра отырып, жаһандану заманына жаңа әдіс-тәсілдермен ұсынылған жұмыстарының әр қайсысы көздің жауын алады. Бақ сынаушы тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандар да өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленді. Ашылу салтанатынан соң, білікті педагогтар  Бірінші  май орта мектебі  «Ши тоқу», Қосынов орта мектебі «Жүннен жасалған пано», Еңбекші орта мектебі «Мүсін жасау», «Натюрморт салу» ,  Шалқар орта мектебі «Мозаика жасау» сынды тақырыпта шебер сабақтар көрсетті.  Мұнан кейін арнайы жасақталған әділ қазылар мүшелері ұстаздардың қолөнер туындыларын тамашалап, бағаларын берді. Көрмеге қатысушылар көркем металл, ағаш, жүн және қайқы (пенопласт) сынды материалдан жасалған еңбектерін заман талабымен үйлестіре отырып дәріптеген. Жиын соңында ұстаздарға жүлделі орындар және аудандық білім бөлімі атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях