Музейдегі күйшілер байқауы

Музейдегі күйшілер байқауы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақ халқының ұлы күйшісі, кампозиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай, Шамалған ауылдық округі «Атамекен» музейінде жастар арасында «Күй құдіреті» атты домбырашылар жарысы өтті. Аталмыш мекеменің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен бұл жарысқа Қарасай ауданынының түкпір-түкпірінен 15 -17 жас аралығандағы оқушылар қатысып, күй тартудан бақ сынасты.

Шара аудандық мәдениет және тілдер дамыту орталығының қолдауымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде өткізілді. Сайыстың мақсаты – күй өнері арқылы оқушылардың ұлттық сана сезімін оятып, ұлттық құндылықтарын насихаттау, мәдениетіміз бен тарихымызды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Дүбірлі дода қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Құрман Пазылов жеңіп алса, екінші орынды – Нарбек Жексенбі, үшінші орынды –  Ізбасар Исақалиев қанжығасына байлады. Жеңімпаздар аудандық «Атамекен» музейінің арнайы дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйылықтарға ие болды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях