Рухани жаңғыру аясында атқарылған шаралар сөз етілді

Рухани жаңғыру аясында атқарылған шаралар сөз етілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Аудандық «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының ұйытқы болуымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында екі жыл бойы атқарылған іс-шараларды талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі. Жиынға ауданда орналасқан «Анаға құрмет», «Батыр бабаларға тағзым», «Шапағат» музейінің қызметкерлері, мектеп директорының орынбасарлары және көршілес Жамбыл ауданынан Сүйінбай Аронұлы мен Жамбыл Жабаевқа арналған тарихи кешеннің өкілдері қатысты.

Алдымен, «Атамекен» мұражайының ғылыми қызметкері Қыдыр Нұрқожа мекеменің ашылғаннан бері «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген деңгейлі шаралар жайында айтып, осы уақытқа дейін жеткен жетістерін слайд арқылы көрсетті. Ал, басқосуға келген басқа  музейлердің қызметкерлері де осы тақырып аясында ой өрбітіп, өздерінің атқарған жұмыстары жайлы ақпараттарды ортаға салды. Сондай-ақ, жиын барысында тек айтулы мерекелерде ғана емес әркезде тығыз қарым-қатынасты болып, жиі тәжірибе алмасып отыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Себебі, тарихи кешендердің жас ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамға ұлттық құндылықтарды ұлықтауда атқарар рөлі жоғары.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях