Өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған жігіт марапатталды

Өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған жігіт марапатталды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтып, марапаттады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды, – деді министр Ю.Ильин.

Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа «Өрттегі ерлігі үшін» төсбелгісін табыстап, отбасына бақыт пен амандық тіледі.

Ақылбектің сөзінше, ол өзін батыр санамайды.
– Менің орнымда кез-келген адам осындай қадамға барар еді. Мен өзім туралы мүлдем ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым, – дейді құтқарушы Ақылбек.

Естеріңізде болса, тілсіз жау Елордада 23 сәуір күні, күндіз сағат екілер шамасында Петров көшесі, 5 мекенжайында орын алған болатын. Бала үйде жалғыз болған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек оны құтқаруға кіріскен.

Үйдің 5-қабатына жылдам көтеріліп, темір есіктің ар жағында баланың жылап жатқанын естиді, бірақ есік ашылмайды. Ақылбек ойланбастан 4-қабатқа түсіп, көршілерінен терезеге өтуді өтінген. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды. Өртсөндірушілерді күте аласың ба деп сұраған, ол түтіннен тұншыға бастағанын айтқан. Сөйтіп, Ақылбек баланы қолына секіруге көндіреді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях