Республикалық «Күй Live» онлайн байқауы басталды  

Республикалық «Күй Live» онлайн байқауы басталды   

Оралда дәулескер күйші Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толуына орай республикалық «Күй Live» онлайн байқауы басталды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Биыл сонымен бірге Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Алғаш рет онлайн түрінде ұйымдастырылған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен күйші домбырашылар қатыса алады. Ол үшін үміткерлер өз үйінде отырып күйшінің бір шығармасын орындайды. Сонымен қатар күй тарихын қысқаша баяндап береді. Қазылар құрамы күйшінің орындаушылық қабілетіне қоса әртістік шеберлігін де бағалайды. Видеоның сапасы да ескеріледі. Материалдарды қабылдау мамыр айының соңына дейін жүргізіледі.

– Әлеуметтік желіге конкурсымыздың ережесін жіберген болатынбыз. Конкурста бас жүлде болады, бірінші орын біреу, екінші орын біреу, үшінші орын екі жүлде болады. Дипломант 4 жүлде, көрермен көзайымы және шығу тарихын жақсы жеткізгенге де бір номинация болады, –Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Асхат Қажығалиев.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях