Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz пен РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Любимованың ауруы жеңіл түрде өтіп жатыр.
Қазір министр өзінің лауазымдық міндеттерін қашықтан жұмыс істеп, атқарып отыр.