Жақсылыққа үлес қосқаным үшін қуанамын – 30 адамды құтқарған өрт сөндіруші

Жақсылыққа үлес қосқаным үшін қуанамын – 30 адамды құтқарған өрт сөндіруші

Көкшетау қалалық № 10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Қайнар Тұраров басшылығымен өртке оранған тұрғын үйден 120 тұрғын эвакуацияланып, 30 адам құтқарылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өрт, су секілді тілсіз жаумен күресіп, адамдарға көмек беруге асығатын мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы салада тапжылмастан еңбек етіп келе жатқан Қайнар Тұраровтың өрт сөндіру қызметіндегі жұмыс өтілі 20 жылдан асты. Ол әр түрлі күрделі өртті сөндіруде жетекшілік етіп, табандылық пен ерлік танытты. Төтенше жағдай қызметіндегі ұзақ жылғы еңбегі мен қызметіне адалдығы үшін ол әр түрлі деңгейдегі бірнеше медаль және граммоталармен марапатталған.
Ол осы жауапкершілігі жоғары өрт сөндіруші мамандығын таңдағанына еш өкінбейді, керісінше адам өміріне араша түсетін қызмет деп мақтан тұтады.
– Мен үшін өрт сөндірушіден асқан мамандық жоқ. Біздерге азаматтарымыздың өмірі мен тыныштығы сеніп тапсырылған. Сондықтан, әр қашан жұмыстан үйге ораларда, бір адамның болса да, өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектескенім үшін қуанамын. Бұл менің ел азаматтарының алдындағы басты міндетім, – дейді өрт сөндіруші Қайнар Тұраров.
Бүгінде тәжірибелі өрт сөндіруші Қайнар Тұраров өзінен кейінгі жастарға мамандықтың ерекшелігі мен қыр-сырын үйретіп, тәлімгер болып жүр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях