ҰБТ тапсыру кезінде қандай сақтық шараларын ұстануы керек

ҰБТ тапсыру кезінде қандай сақтық шараларын ұстануы керек

Бүгінде мектеп түлектері ҰБТ алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтауда. Олардың көбісін осы жылы тестілеудің қалай өткізілетіндігі толғандырғаны рас. Жуықта Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да онлайн брифинг өтіп, оқушылар өз сауалдарына жауап алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова және университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаева түлектер үшін басты емтиханның қалай өтетіні туралы, сонымен қатар ЖОО-ға құжаттарды тапсыру жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.
– Биыл ҰБТ-ға өтініштер онлайн түрде қабылдануда. Мектеп түлектері 10 мамырға дейін өтінім бере алады. Облыс бойынша емтихан 16 тапсыру пунктінде өткізіледі. Форматы өзгерген жоқ, тек қана сақтық шаралар күшейтіледі. Мысалы, былтыр бір аудиторияда 60 студент отырса, биыл 30 түлек кіргізіліп, олар бір-бірінен алшақ отырғызылады. Сондай-ақ, оқушылар тепловизор, антисептиктермен қамтамасыз етіледі. Ата-аналар да балаларының емтихан тапсырып жатқанын бақылай алады. Барлыға онлайн көрсетіледі, – дейді Сайрангүл Жұмаділова.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях