Жарыстың төртінші күні төрт алтын ұттық

Жарыстың төртінші күні төрт алтын ұттық

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Елімізді айдай әлемге танытып, Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында отандастарымыз бүгін жақсы өнер көрсетіп, байрақты бәсекенің 4-ші күні қоржынымызға төрт бірдей алтын түсті.  Атап айтқанда, бүгін биатлоншы Галина Вишневская, фристайлшы Юлия Галышева тағы бір фристайлшы Дмитрий Рейхерд  және  шаңғышы Иван Люфт  алтыннан алқа тағынды. Осылайша, кеше бірде бір медаль ала алмай жалпы есепте үшінші орынға түсіп қалған біздің спортшыларымыз бүгін жақсы нәтиже көрсетіп, екінші орынға қайта көтерілді. Ал, бірінші орынды әлі де ресейліктер ешкімге бермей келеді. Қазақстан құрама командасынан кейінгі орынға  француздар жайғасты. Бұл ретте, еліміздің спортшылары 2015 жылғы қысқы универсиада ойындарындағы өзінің рекордын (11 медаль) бүгіннің өзінде жаңғыртып үлгергенін де айта кеткеніміз жөн.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях