Шетелдіктерді тіркеу жойылады

Шетелдіктерді тіркеу жойылады

Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралуда.

Түзетулер барысында ішкі істер органдарында шетелдіктерді тіркеуді алып тастау жағы көзделген. Бірақ, олардың келгені туралы міндетті түрде хабардар ету керек. Шетелдіктердің келуі, орналасуы және уақытша мекен етуін рәсімдеуі жөнінде хабардар ету үшін жауапкершілік оларды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғаларға жүктеледі.

Қабылдаушы тұлғалардың уакытша келген шетелдіктерді хабардар ету механизмі Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қону туралы» заңында қарастырылған. Хабардар ету рәсімі визалық-қөші-қон порталы «www.vmp.gov.kz» арқылы автоматтандырылған және іске қосылған. Ол жеке немесе заңды тұлғалардың электрондық цифралық қолтаңбасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет уакытша тіркеу және шетелдіктердің келуі туралы хабардар етуді ішкі істер органдарына бармай-ақ жасауға мүмкіндік береді.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях